04.07.2018, 14:54 4043

Түркістан облысында астық ору науқаны басталды

Егін орағы науқанымен қатар, облыста мал азығын дайындау жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінгі күнге межеленген 3750 тоннаныӊ 1590 тоннасы дайындалған.

Түркістан. 4 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев бүгін Қазығұрт ауданындағы астық ору науқанымен танысты. Аймақ басшысы дәнді-дақыл егумен айналысатын "Айқожа" өндірістік кооперативініӊ жұмысымен танысу барысында астықты төкпей-шашпай жинап алу басты міндет болып тұрғанын атап өтті.

"Биылғы жылы жалпы облыста 233 мыӊ гектардан астам жерге масақты дақылдар егілген. Оныӊ 191 мыӊ гектары бидай болса, 42,5 мыӊ гектары арпа. Бүгінде облыста осы алқаптардан 26,5 мыӊ тонна арпа мен бидай жиналып отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ алдын-ала жасаған болжамдық есебі бойынша егілген дәнді дақылдардыӊ әр гектарынан 16 центнерден, яғни 374 мыӊ тонна өнім жинау күтілуде. Сондықтанда мол жиналған астықтан шаруалар тиісті қаражатын табуы үшін астықты сақтау, дер кезінде экспортқа шығару қажет",-деді Ж.Түймебаев.

1998 жылы құрылған қожалықтыӊ меншігінде 2500 гектар егістік жер бар. 16 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған кооперативте егістікке арналған техниканыӊ барлық түрі бар. Аталған ұжым өткен жылы 76 млн. теӊгеніӊ өнімін өндірген. Мәселен, өткен жылы 2700 тонна бидай өнімін, 320 тонна мақсары, 450 тонна арпа жинаған.

Егінге алғашқы орақты қазығұрттық шаруалар салды. Аталған ауданда биыл 87 мыӊ гектарға жуық жерге күздік және жаздық бидай мен арпа егілген.

Айта кетейік, тауар өндірушілерге жеӊілдетілген бағамен берілетін минералды тыӊайтқыштыӊ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5 мыӊ тоннаға артып, 85 мыӊ тоннаны құрады. Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 38 мыӊ тонна жанар-жағар май толығымен тауар өндірушілерге босатылды. Ал астық оруға қажетті 900-ге жуық техника дайын тұр.

Егін орағы науқанымен қатар, облыста мал азығын дайындау жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінгі күнге межеленген 3750 тоннаныӊ 1590 тоннасы дайындалған.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны