30.06.2018, 12:09 7363

Түркістан облысында еӊ үздік өнімдердіӊ көрме жәрмеӊкесі өтуде

Облыс және қала өндірушілерін насихаттау мақсатында өткен жәрмеӊкеде өӊірде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеӊіл және құрылыс өнеркәсіптерініӊ жүздеген тауарлары ұсынылды.

Түркістан. 30 маусым. Kazakhstan Today - Шымкент қаласындағы "Көрме" орталығында Астананыӊ 20 жылдығына орай "ӨӉІРЛІК өнімдері-2018" үздік тауарлардыӊ көрме-жәрмеӊкесі бастау алды.

Облыс және қала өндірушілерін насихаттау мақсатында өткен жәрмеӊкеде өӊірде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеӊіл және құрылыс өнеркәсіптерініӊ жүздеген тауарлары ұсынылды.

Көрмеге Шымкент және Түркістан облысыныӊ 200-ден астам тауар өндірушілері мен Қазақстанныӊ басқа аймақтарынан келген тауар өндірушілер қатысуда. Аталған шараға алғаш рет костюмдер мен ерлерге арналған киім тігетін, киім шығаратын және тұрмыстық химия шығаратын осы сынды 15 жаӊа компания өз өнімдерін алып келген.

Екі күндік көрменіӊ ашылу салтанатына Түркістан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғ.Ибдірахимов, облыстық мәслихаттыӊ хатшысы Қ.Балабиев, Астана, Атырау, Тараз қалаларыныӊ "Атамекен" Кәсіпкерлер палатасы басшылығы мен басқа да өӊірлердіӊ кәсіпкерлері қатысты.

Отандық тауар өндірушілердіӊ өнімдерімен танысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Қазақстан - Дүниежүзілік Сауда ұйымына, Еуразиялық экономикалық одағына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болып табылатынын айтып, өӊір кәсіпорындары халықаралық және экологиялық стандарттар талаптарына сай келетін өнімдер шығаруы қажет екенін атап өтті. Іс-шараныӊ барысында облыс және қала әкімдері "Ордабасы құс" ЖШС-гі мен "Karlskrona LC AB" ЖШС-не өнім және кызмет көрсету саласындағы жетістігі үшін ТМД сыйлығын табыстады.

Бұдан бөлек шарада "Қазақстанныӊ үздік тауары" атты байқау-көрмесі өтіп, жеӊімпаздар марапатталатын болады. Конкурсқа кәсібін жаӊа бастаған және танымал отандық тауар өндірушілер қатысуда, олардыӊ арасында "Мадлен", "Ордабасы құс", "ВизИТ", "Рауан", "Алтын дән", "ШФ Гаухар", "Барыс-2007", "Амангелді", "Карлскрона", "Зерде керамика", КТЗ, "Бал текстиль", "Назар текстиль", "Azala", "Планта", "Айкан" және т.б. кәсіпорындар бар.

Өнімніӊ сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі критерийлерімен бағалайтын тәуелсіз сарапшылар үш номинация бойынша қатысушыларды іріктейді. Атап айтқанда "Халық тұтынатын үздік тауарлар", "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" және "Үздік азық-түлік тауарлары".

Сонымен қатар, көрмеде аймақтық номинациялармен еӊ үздік компаниялар таӊдалынады: "Халық таӊдауы", "Жыл серпіні", "Жыл бренді", "Илеуметтік маӊызы бар стартап", "Үздік әлеуметтік жоба", "Үздік этноөндіруші", "Табиғи өнім өндіруші" "Инновациялық жоба", "Жас өндіруші", "Үзді тауарлық қаптама", "Үздік еӊбек жағдайлары" және "Еӊ үздік әйел-жұмыс беруші", "Қызмет көрсету саласындағы үздік жоба", "Бизнес-вумен-инноватор" номинациялары бойынша да әйелдер бизнесіне қолдау көрсетілетін болады.

Жеӊімпаздар Астана қаласында өтетін "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық байқау-көрмесіне қатысуға жолдама алады.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны