24.01.2019, 19:38 11987

Түркістан облысында Индустрияландыру картасы аясында 2018 жылы 18,2 млрд. теӊгеге 10 жоба іске қосылды

Өткен жылы облыстағы өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 439,1 млрд. теӊгені құрады. Соныӊ ішінде, өӊдеу өнеркәсібінде 236,9 млрд. теӊгеге өнім өндірілген.

Түркістан. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркістан облысында өткен жылдыӊ қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердіӊ өсімі жоғары деӊгейде сақталды. Жалпы, өӊірлік өнім көлемі 2018 жылдыӊ қаӊтар-қыркүйегінде 1 трлн. 103,9 млрд. теӊге сомасында қалыптасса, 2017 жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 3,9 пайызға артқан.

Индустрияландыру картасы аясында 2018 жылы 18,2 млрд. теӊгеге 10 жоба іске қосылды. Атап айтсақ, "Green technology industries" ЖШС (Ордабасы ауданы) ПЭТ қалдықтарын өӊдеу және шпательді талшықтар өндірісі. Қазіргі уақытта жобаныӊ I кезеӊі - іске қосылып отыр. Сондай-ақ, "Golden Camel Group LTD" ЖШС (Түркістан қаласы) өнімділігі 1,5 мыӊ тонна түйе мен бие сүтін өӊдейтін кәсіпорын жобасы, ИКК "Асылтұқымды шаруашылық, Ордабасы ешкі сүт өнімдері" Сүт-тауар фермасы базасында ешкі сүтін қайта өӊдеу зауыты, "Бадам өнімдері" ЖШС (Ордабасы ауданы) күйдірілген қыш өндіру зауыты, "Балмұздақ" ЖШС (Төлеби ауданы) Шоколадты глазурь және шоколадты конфет өндірісі, "Бәйтерек ББМ" ЖШС (Шардара ауданы) Балық өӊдеу зауыты, "ТМстрой21" ЖШС (Келес ауданы) Жіп өӊдеу зауыты, "Бирлик-4" ЖШС (Сайрам ауданы) Ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдейтін цехы, "Асыл-бастау.kz" ЖШС (Қазығұрт ауданы) Майсыз сүт ұнтағы мен майын шығаратын зауыты, "Минеральная вода Арыс" ЖШС (Арыс қаласы) Минералды бөтелкеленген және алкогольсіз сусындардыӊ өндірісі.

Өткен жылы облыстағы өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 439,1 млрд. теӊгені құрады. Соныӊ ішінде, өӊдеу өнеркәсібінде 236,9 млрд. теӊгеге өнім өндірілген. Тиісінше 2017 жылмен салыстырғанда өсім 100,7 пайызды құрап отыр. Ал, өӊдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндіру - 3,6 пайызға, жеӊіл өнеркәсібі - 6,3 пайызға, химиялық өнімдер - 7 пайызға, фармацевтикалық өнімдер - 4 пайызға, электр жабдықтарын жасау - 7,3 пайызға өскен.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны