18.07.2018, 17:06 9837

Түркістан облысында "Нұрлы жер" бағдарламасымен 500 пәтер тапсырылады

Облыста 2018 жылы қаржыландырудыӊ барлық көздері арқылы 79 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 35 үй пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарыныӊ нақты көлемі индексі бойынша 2018 жылдыӊ жоспары - 140,8 млрд.

Түркістан. 18 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй қорын құру бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік бюджет есебінен 2449 пәтерлі 73 тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде. Биыл оныӊ 500 пәтері, яғни 35 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасыныӊ басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті.

Бұдан өзге, тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік коммуникацияларды жайластыру бойынша 2018 жылы облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 9 нысанныӊ құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, Түркістан облысын перспективалық дамыту бойынша Түркістан қаласыныӊ бас жоспарын қайта әзірлеу бойынша ағымдағы жылдыӊ 12 шілдесінде халықаралық конкурс жарияланған болатын.

"Қайта әзірленген бас жоспарға сәйкес, "Тұрғын үй құрылысын дамыту" концепциясы бекітілетін болады. Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ идеясы бойынша концепцияда Түркістан қаласын түркі әлемініӊ рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту мақсатында салынатын көпқабатты тұрғын үйлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен биік болмайды. Өйткені - мавзолей мүмкіндігінше қаланыӊ барлық жағынан көрінуі қажет. Салынатын баспаналар Орта Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынады", - деді Құттыбек Рахматтуллаұлы.

ҚР Үкіметініӊ 22.06.2018 жылғы № 372 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 344,7 мыӊ шаршы метр болып белгіленген. 2018 жылдыӊ 6 айдыӊ қорытындысы бойынша 202,4 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдыӊ осы мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға артқан.

Облыста 2018 жылы қаржыландырудыӊ барлық көздері арқылы 79 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 35 үй пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарыныӊ нақты көлемі индексі бойынша 2018 жылдыӊ жоспары - 140,8 млрд. теӊге. Бұл меже 6 айдыӊ қорытындысы бойынша 117,8 пайыз орындалды.

Түркістан облысыныӊ әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны