11.01.2019, 15:42 8463

Түркістан облысында тұрғын үйлер құрылысына ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теӊге, ал облыстық бюджеттен 7,3 млрд. теӊге қарастырылды

Айта кетерлігі, республикалық және облыстық бюджет есебінен жыл қорытындысы бойынша 47 үй (2489 пәтер, 170,8 мыӊ ш.м.) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Түркістан. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркістан облысында тұрғын үйлер құрылысына ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теӊге, ал облыстық бюджеттен 7,3 млрд. теӊге қарастырылып, 63 көп қабатты арендалық тұрғын үйлердіӊ (3353 пәтер, 229,1 мыӊ ш.м.) құрылысы жүргізілетін болады.

Атап айтқанда, облыс орталығы Түркістан қаласында - 20 үй (1200 пәтер, 78,3 мыӊ ш.м.); Кентау қаласында -15 үй (900 пәтер, 60,0 мыӊ ш.м.); Сарыағаш ауданында - 13 үй (585 пәтер, 45,7 мыӊ ш.м.); Түлкібас ауданында - 7 үй (376 пәтер, 22,7 мыӊ ш.м.); Арыс қаласында - 3 үй (108 пәтер, 5,9 мыӊ ш.м.); Жетісай ауданында - 2 үй (80 пәтер, 6,1 мыӊ ш.м.); Шардара ауданында - 2 үй (80 пәтер, 6,9 мыӊ ш.м.); Отырар ауданында - 1 үй (24 пәтер, 3,5 мыӊ ш.м.)

Айта кетерлігі, республикалық және облыстық бюджет есебінен жыл қорытындысы бойынша 47 үй (2489 пәтер, 170,8 мыӊ ш.м.) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бұдан өзге, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша өткен жылдыӊ басында 13 аудан, қала әкімдіктеріне 31 екіқабатты (330 пәтер, 13,9 мыӊ ш.м.) тұрғын үйге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған. Бүгінгі таӊда 12 (124 пәтер) тұрғын үйдіӊ құрылысы аяқталды. Қалған аудан, қала әкімдіктеріндегі 19 үй (190 пәтер) 2019 жылдыӊ 1-жарты жылдығында пайдалануға тапсырылады.

Сондай-ақ, өткен жылы Түркістан қаласында "ИКК Түркістан" АҚ-ы және жеке салушы арқылы 6 көпқабатты тұрғын үйдіӊ (336 пәтер, 26,1 мыӊ ш.м.) құрылысы басталған болатын. 2019 жылдыӊ 3-тоқсанында аталған нысандар толық пайдалануға тапсырылып, барлық пәтерлер "7-20-25" бағдарламасы арқылы халыққа ұсынылады.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы, Отырар мөлтекауданында "Түркістан - жаӊа қала" тұрғын үй кешендеріндегі аумағы 38 гектар жер телімінде 88 (2724 пәтер, 196,3 мыӊ ш.м.) көпқабатты тұрғын үй бой көтереді. Ағымдағы жылы 44 тұрғын үй (1362 пәтер, 98,2 мыӊ ш.м.) пайдалануға тапсырылып, барлық пәтерлер "7-20-25" бағдарламасы арқылы берілетін болады.

Жалпы алғанда Түркістан облысы бойынша 2019 жылы 4377 пәтер ел игілігіне тапсырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны