08.10.2018, 12:22 4550

Түркістан облысындағы "Бөрте-Милка" компаниясын дамытуға 3 миллиард теӊге жұмсалса, оныӊ 1 миллард теӊгесіне шетелден құрылғы сатып алынған

Мұндағы жұмыс толығымен роботтандырылған. Кешенде бүгінде 400-ден аса сауын сиыр бар. Үш мезгіл сауылатын бір ірі қараныӊ тәуліктік орташа өнімділігі - 30-32 литр.

Түркістан. 8 қазан. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында Түркістан облысындағы "Бөрте-Милка" компаниясыныӊ жетістігіне арнайы тоқталды.

"Негізгі міндет - еӊбек өнімділігін және қайта өӊделген ауыл шаруашылығы өнімініӊ экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Мәселен, Түркістан облысында "Бөрте Милка" ЖШС-і жаӊа заманауи технологияларды пайдаланудыӊ арқасында өнімділікті 2 есеге арттырған" деген болатын.

Өзі басқаратын компанияныӊ Жолдауда Елбасыныӊ жылы пікірге ие болғанына қуанған "Бөрте-Милка" компаниясыныӊ басшысы, түркістандық кәсіпкер Нұралы Ибішев брифинг өткізіп, Елбасыға арнайы телеграмма жолдағанын мәлімдеді.

Жеделхатта белгілі кәсіпкер "Құрметті, Елбасы! Біздіӊ кәсіпорынды бүкіл елге үлгі етіп көрсетуіӊіз оныӊ құрылтайшысы ретінде мені айрықша қуанышқа бөледі. Сіздіӊ "Бөрте-Милкаға" арнаған жылы лебізіӊіз біздіӊ ұжымға қанат бітірді. Кәсіпорынныӊ осындай дәрежеге жетуіне Сіздіӊ үлесіӊіз зор. Себебі, өзіӊіздіӊ бастамаӊызбен кәсіпкерлік саласына мемлекеттен көптеген жеӊілдіктер жасалып жатыр. Мен де мемлекеттік қолдауға ие болып, 1 млрд. теӊгеге заманауи техникалар мен құрылғылар орнаттым. Нәтижесінде Түркістан облысында жасалған сүт өнімдері еліміздіӊ түкпір-түкпіріне тарап жатыр. Биылғы Жолдауыӊызда айтылған міндеттерді орындауға барынша күш саламыз және бастамаларыӊызды нақты іспен қолдайтын боламыз!" деп жүрекжарды толқынысын жеткізіпті.

Нұралы Ибішевтіӊ айтуынша, кәсіпкерлерге үлгі ретінде айтылған кәсіпорындағы құрылғылар аса қымбат, әрі сапалы. Кәсіпкер компанияны дамытуға 3 миллиард теӊге жұмсаса, оныӊ 1 миллард теӊгесіне шетелден құрылғы сатып алған. Бүгінде Ордабасы ауданындағы компанияда 70 адам жұмыс істеп жатыр.

"Елге танымал "Бөрте Милка" сүт-тауарлық фермасы өндірісті модернизациялау шеӊберінде швед технологиясы бойынша тәулігіне 8 тонна сүт өндіруде. Өӊірде баламасы жоқ кәсіпорын республика бойынша еӊ заманауи сүт-тауарлық фермаларыныӊ алғашқы үштігіне кіреді. Мұндағы жұмыс толығымен роботтандырылған. Кешенде бүгінде 400-ден аса сауын сиыр бар. Үш мезгіл сауылатын бір ірі қараныӊ тәуліктік орташа өнімділігі - 30-32 литр. Сондай-ақ, өӊірдегі жас мамандарды жұмысқа қабылдап отырмыз. Алдағы уақытта зауытқа голландиялық технологияны ендіру арқылы өнімділікті еселеуді жоспарлап отырмыз. Жалпы бұл Жолдау ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарға қолдау болмақ", - деді Нұралы Илмаханұлы.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны