22.08.2018, 19:42 4871

Түркістан облысындағы жылыжайларды дамыту ісіне түрік кәсіпкерлері атсалысады

Шетелдік компанияныӊ еліміздегі өкілініӊ таныстырылымын мұқият тыӊдаған аймақ басшысы облыстағы жауапты сала басшыларына тиісті қолдауларды көрсетуді тапсырды. Исіресе, Жансейіт Қансейітұлы жылыжай кешенін салушылардыӊ көгілдір отын, электр қуаты сынды қажеттіліктерініӊ тарифін қымбаттатпай, оӊтайлы шешіп беруді жүктеді.

Түркістан. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Түркістан облысындағы жылыжайларды дамыту ісіне түрік кәсіпкерлері атсалысады.

Бұл туралы Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевтіӊ түрік кәсіпкері Джемалеттин Шекермен кездесуінде белгілі болды.

Түркиялық Dal Holding Investment CO. компаниясы жетекшісініӊ Қазақстандағы орынбасары және бас кеӊесшісі болып табылатын Д.Шекермен жүздесуде облыс аймағында, оныӊ ішінде, Түркістан мен Кентау қалаларында құрамдастырылған жылыжай кешенін салу жобасы сөз болып, оны жүзеге асыру жайы айтылды. 200 гектардан астам жерде жылыжай шаруашылығын дамытып, онда өсірілген өнімніӊ 80 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап қойған инвесторлар қалған көкөністерді ішкі нарықта саудалауды ойлап отыр.

Шетелдік компанияныӊ еліміздегі өкілініӊ таныстырылымын мұқият тыӊдаған аймақ басшысы облыстағы жауапты сала басшыларына тиісті қолдауларды көрсетуді тапсырды. Исіресе, Жансейіт Қансейітұлы жылыжай кешенін салушылардыӊ көгілдір отын, электр қуаты сынды қажеттіліктерініӊ тарифін қымбаттатпай, оӊтайлы шешіп беруді жүктеді.

Түркиялық Dal Holding Investment CO. компаниясы негізін 1985 жылы Ыстамбұлда қалаған. Дүние жүзі бойынша 2 мыӊнан астам қызметкері бар алдыӊғы қатарлы инженерлік және өнеркәсіптік топқа жататын серіктестік жоғары тауар айналымымен және үлесімен ерекшеленеді. Компания жоғары технологиялық өнеркәсіптік қондырғыларды жобалау, өндіру және монтаждау сынды жұмыстармен айналысады. Сонымен бірге, өнеркәсіпке қажетті кез келген құрылғыны орнатып береді. Холдинг жұмысын бастаған 33 жыл ішінде цемент, тау-кен өндіру, электромотор саласы, автоматизация, машина жасау және энергетика салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеткен.

Айта кету керек, Түркістан облысында бүгінгі таӊда 1250 гектардан астам жылыжайлар бар. Оныӊ 50 пайызынан көбі Сарыағаш ауданында орналасқан.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны