11.11.2018, 22:36 4978

Түркістан облысыныӊ әкімі мен Оӊтүстік Кореялық делегация инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын ақылдасты

Кездесу барысында қонақтар Бейдібек ауданынан жалпы құны 7,4 млрд. теӊгені құрайтын күн электр станциясын салу туралы ұсынысын білдірді. Жамбыл ауылында бой көтеретін станцияныӊ жалпы аумағы 1200 гектарды құрайды. Жоба жүзеге асырылса, 10 Мвт. электр энергиясы өндірілетін болады.

Түркістан. 11 қараша. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "KK-KIUNSEN" компаниясыныӊ директоры Джон Енг Сун бастап келген делегациямен кездесті. Басқосуда тараптар өӊірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын ақылдасты.

Аймақ басшысы кездесуде өӊіріміздіӊ экономикалық әлеуетін таныстырып, бірлесіп инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

"Оӊтүстік Кореяны жаӊа технология, ауыл шаруашылығы, өндіріс салалары дамыған ел ретінде білеміз. Болашақта аталған салаларда байланыс орнатып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсеміз деген сенімдеміз. Түркістан облысы кәсіпорындар ашып, кәсіпкерлік саласын дамытуға өте қолайлы аймақ. Сондай-ақ, өӊірімізде жаӊа жобалар құрып, жұмыс істеуге ниетті инвесторларға түрлі жеӊілдіктер мен мүмкіндіктер қарастылған", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кездесу барысында қонақтар Бейдібек ауданынан жалпы құны 7,4 млрд. теӊгені құрайтын күн электр станциясын салу туралы ұсынысын білдірді. Жамбыл ауылында бой көтеретін станцияныӊ жалпы аумағы 1200 гектарды құрайды. Жоба жүзеге асырылса, 10 Мвт. электр энергиясы өндірілетін болады. Сондай-ақ, 50 адам жұмыспен қамтылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны