18.07.2018, 17:22 5013

Түркістан облысыныӊ ауыл шаруашылығы өнімдері Өзбекстанға экспортталуда

Ағымдағы жылдыӊ 6 айында облыстағы ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнім көлемі 146,4 млрд. теӊгені құрап, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 25,4 млрд. теӊгеге артқан. Республикада өнім көлемі бойынша облыс үлесі 14,6 пайызға жетіп, 2-орынды иеленіп отыр. Ал ауыл шаруашылығы экспортыныӊ көлемі 68,6 млн. АҚШ долларын құрап 18,2 пайызға артты.

Түркістан. 18 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысынан Өзбекстан Республикасына жөнелтілетін ауыл шаруашылығы өнім көлемі артып келеді. Бүгінгі таӊда өӊірден көрші елге ұн, ет, май өнімдері экспортталуда. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.

Ағымдағы жылдыӊ 6 айында облыстағы ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнім көлемі 146,4 млрд. теӊгені құрап, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 25,4 млрд. теӊгеге артқан. Республикада өнім көлемі бойынша облыс үлесі 14,6 пайызға жетіп, 2-орынды иеленіп отыр. Ал ауыл шаруашылығы экспортыныӊ көлемі 68,6 млн. АҚШ долларын құрап 18,2 пайызға артты.

"2018 жылдыӊ 6 айыныӊ қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 4686,4 млн. теӊгеге жетіп, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 34 пайызды құрады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 448 мыӊ гектар суармалы жерді игеру жоспары қазіргі таӊда 3,3 пайызға артығымен орындалған. Бұдан өзге, биыл ауыл шаруашылығы саласындағы барлық техникалардыӊ 6,2 пайызы жаӊарды", - деді Серік Ордабекұлы.

Сонымен қатар, бүгінгі таӊда өӊірде 60 мыӊнан аса үй шаруашылықтары мен шағын фермер мүшелерінен құралған 704 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркеліп, жұмыстарын жүргізуде.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны