03.12.2018, 22:46 11158

Түркістан облысыныӊ Кентау қаласында 120 отбасы қоныс тойын тойлады

Айта кетейік, жыл соӊына дейін 2 қабатты 5 қызметтік үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, 2019 жылы Кентау қаласында қосымша 60 пәтерлі 5 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылады. Жалпы 300 пәтер болатын жобаныӊ сметалық құны 2 175 млн. теӊгені құрайды.

Түркістан. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Кентау қаласында Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күні мерекесі қарсаӊында 60 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев, үй кезегінде тұрған азаматтарға баспананыӊ кілтін тапсырды.

"Елбасымыз халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ірнеше бағдарламаларды іске қосты. Атап айтсақ, "Нұрлы жол", "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламалары қазақстандықтарға шарапатын тигізуде. Оған бүгін сіздер де куә болып отырсыздар. Мұндай қуаныштар мұнымен шектелмейді. Үй кезегінде тұрған барлық азаматтар кезеӊ-кезеӊімен баспаналы болады", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған нысандардыӊ жалпы жобалық - сметалық құны 898 млн. 686 мыӊ теӊгені құрайды. "Стройсервис XXI" ЖШС 5 қабатты ғимараттардыӊ құрылыс жұмыстарын 2017 жылы бастаған. "Южказпроект" ЖИ ЖШС жобалау жұмыстарын атқарса, нысандардыӊ техникалық қадағалауына "Royal Company" ЖШС жауапты.

Айта кетейік, жыл соӊына дейін 2 қабатты 5 қызметтік үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, 2019 жылы Кентау қаласында қосымша 60 пәтерлі 5 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылады. Жалпы 300 пәтер болатын жобаныӊ сметалық құны 2 175 млн. теӊгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны