14.12.2018, 22:33 5306

Түркістан облыстық кірістер департаменті 128,9 млрд. теӊге қаржы өндірген

Электронды түрде қызмет алуға арнайы барлық аумақтық басқармалар ғимараттарында және ауылдық әкімшіліктерде "Салық төлеуші терминалы" орнатылған. Ал электронды түрде қызмет алуға мүмкіндігі жоқ салық төлеушілер аумақтық кірістер органдарына барып, барлық аумақтық басқармаларда жұмыс жасайтын "Ақпараттарды қабылдау, өӊдеу және беру" орталықтарынан қызмет алуына болады.

Түркістан. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түркістан облыстық кірістер департаменті 128,9 млрд. теӊге қаржы өндірген.

Ағымдағы жылдыӊ 11 ай қорытындысымен комитет құзыретіне жататын кірістер бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 121,7 млрд.теӊге болса, нақты 128,9 млрд.теӊге қаржы өндіріліп, жоспар 106 пайызға орындалды. Бұл туралы Түркістан облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысыныӊ орынбасары Еркін Елшібеков мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша, комитет құзыретіне кіретін түсімдердіӊ өсу қарқыны 17,2 млрд.теӊге артқан. Оныӊ ішінде, республикалық бюджет - 14,1 млрд.теӊгеге артқан болса, жергілікті бюджет түсімдері - 3,1 млрд.теӊгеге өскен.

"Ағымдағы жылдыӊ 5 желтоқсанында жинақталған мәліметке сәйкес, жыл қорытындысымен республикалық бюджет жоспары 5,9 млрд.теӊге артығымен орындалады деп болжамдалып отыр. Сондай-ақ, жыл қорытындысымен жалпы жергілікті бюджеттіӊ жоспары 100,5 пайыз орындалады деп межеленуде", - деді Еркін Кеӊесбекұлы.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша негізгі жұмыстар қызметтіӊ электронды форматта көрсетілуне бағытталған. Атап айтқанда "Электрондық үкімет" веб-порталы мен "Салық төлеуші кабинеті" веб-қосымшасы жүйелерініӊ жұмыс жасауы электронды түрде қызмет алудыӊ үлесін айтарлықтай арттырып отыр. Мәселен, "Салық төлеуші кабинеті" веб-қосымшасында бет есептерін көру, салыстыру актісін алу, бет есеп көшірмесін алу, салық есептілігі нысанын дайындау және тапсыру, салық режимін таӊдау және қолдану үшін хабарлама беру сияқты көптеген қызметтерді алуға болады.

"Электронды түрде қызмет алуға арнайы барлық аумақтық басқармалар ғимараттарында және ауылдық әкімшіліктерде "Салық төлеуші терминалы" орнатылған. Ал электронды түрде қызмет алуға мүмкіндігі жоқ салық төлеушілер аумақтық кірістер органдарына барып, барлық аумақтық басқармаларда жұмыс жасайтын "Ақпараттарды қабылдау, өӊдеу және беру" орталықтарынан қызмет алуына болады. Бұл жерде де сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін "Бос терезе" қағидасымен қызмет көрсету қарастырылған", - деді Еркін Елшібеков.

Сонымен қатар, қазіргі таӊда кез-келген салық төлеуші азамат аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына салықтыӊ есептелуі, төленуі, жер, мүлік және көлік салықтары бойынша "WhatsApp" мессенджері арқылы сұрақ қойып, ақпарат алуына болады. Аталған қызметті пайдалану үшін дүйсенбі-жұма күндері сағат 09-00 бен 18-30 аралағында 8 771 898 9255нөміріне сауал жолдайды. Бұдан өзге, www.kgd.gov.kz интернет ресурсы және "Электронды үкімет" порталы "Салық берешектіӊ жоқтығы туралы ақпарат" электронды сервисі арқылы онлайн режімінде ЖСН бойынша салық берешектіӊ бар-жоқтығы жайлы ақпарат алуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны