08.07.2016, 14:03 5411

Түркістанда құс шаруашылығы дамып келеді

Түркістан қаласына қарасты Оранғай ауылында "Яссы құс" шаруа қожалығы соӊғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған құс шаруашылығын дамытуды қолға ала бастады

Астана. 8 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан қаласына қарасты Оранғай ауылында "Яссы құс" шаруа қожалығы соӊғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған құс шаруашылығын дамытуды қолға ала бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Негізінен, тауық еті мен жұмыртқа өндіруді көздеген кәсіпкер алғашқы қадамыныӊ сәтті басталып отырғанын айтып отыр. Өйткені, өндірілген жұмыртқа мен тауық еті бүгінгі таӊда жергілікті нарықта жоғары сұранысқа ие болып үлгерген.

"Яссы құс" шаруа қожалығыныӊ ашылғанына небары алты ай. Мұнда 50 мыӊға жуық тауық бағылады. "Ломан лс классик" тауығы мен "бройлер" балапандарын өсіруді қолға алған кәсіпорын заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Аталмыш шаруа қожалығыныӊ технологы Х.Минкабиловтыӊ айтуынша 6 айға жуық уақыт бұрын тәуліктік балапандар сатып алынып, қазір олардан балғын жұмыртқа алынып отыр. Яғни, ақпан айында өз жұмысын бастаған шаруашылықтан бүгінде тәулігіне 5 мыӊға жуық жұмыртқа алынуда. Алдағы 50-60 күнде мұндағы жұмыртқаға бағытталған 21 мыӊ тауықтан осынша көлемде жұмыртқа алу межеленіп отыр.

Айта кетерлігі, тауықтардыӊ күтімі айрықша. Жем-су ретінде күніне 4 рет отандық өнімдерден әзірленген құрамажемдер беріледі. Құстар жабық режимде ұсталады. Ал балапан кезінен бастап бас-аяғы 40 күн ішінде 3 келіге дейін ет беретін "бройлер" тауығыныӊ өнімі алдағы уақытта өӊірге өзге елден экспортталатын тауық еттерініӊ орнын алмастырмақ.

Түркістан қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны