09.11.2016, 10:59 3988

Түркістанда тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өӊдейтін зауыт құрылысыныӊ бірінші кезеӊі жүруде

Бүгінде Түркістандағы индустриялық аймақта шұбатты өӊдеп, одан құрғақ сүт өндіретін кәсіпорын құрылысыныӊ бірінші кезеӊі жүруде. Жоба іске қосылғанда мұнда 180 адам жұмыспен қамтылатын болады. Тәулігіне 100 тонна, жылына 69 млн. тоннадан астам түйе сүтінен құрғақ қоспалар өндіруге қауқарлы зауыттыӊ құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталады

Шымкент. 9 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Golden Camel" компаниясыныӊ құрылтайшысы Янг Цие мырзаны қабылдады, - деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жыл басында "Golden Camel" ЖШС-ніӊ бастамасымен түйе сүті - шұбатты қайта өӊдеуден өткізіп, одан құрғақ қоспалар өндіру жобасына кіріскен болатын.

Кездесуде Янг Цие мырза Түркістандағы индустриялық аймақтан бой көтеріп жатқан осынау жобаныӊ іске асырылуын жеделдетуді облыс әкімінен өтініп, осы күнге дейінгі көрсетілген көмектер мен қолдаулар үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде, аймақ басшысы жобаныӊ өӊіріміз үшін маӊызды екенін атап өтіп, тиісті сала басшыларына оныӊ әкімшілік кедергілерсіз жүзеге асуына барынша атсалысуды тапсырды.

Бүгінде Түркістандағы индустриялық аймақта шұбатты өӊдеп, одан құрғақ сүт өндіретін кәсіпорын құрылысыныӊ бірінші кезеӊі жүруде. Жоба іске қосылғанда мұнда 180 адам жұмыспен қамтылатын болады. Тәулігіне 100 тонна, жылына 69 млн. тоннадан астам түйе сүтінен құрғақ қоспалар өндіруге қауқарлы зауыттыӊ құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталып, мұнда әзірленген дайын өнімдер республика нарығынан бөлек, Кеден Одағы елдері мен Қытайға экспортталмақ.

Еске салайық, жалпы құны 8 млрд. теӊге болатын аталған жобаны іске қосу туралы меморандум осы жылдыӊ сәуір айында өткен "Ontustik Invest-2016" халықаралық инвестициялық форумы аясында түзілген болатын. Онда осы сынды жалпы сомасы 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын жобалар бойынша 40 меморандумға қол қойылған еді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны