07.12.2017, 21:50 6821

Түркістанда жаӊадан салынған су қойма 350 гектарды суландырады

"Оӊтүстік Қазақстан облысында келешекте 30-ға жуық су қойманыӊ құрылысы басталады. Нәтижесінде суды тиімді пайдаланып, оны сақтап суармалы жерлерге жұмсауға болады. Осылайша облыста егістіктіӊ көлемі артып, жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Еӊ бастысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше екпін береді", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шымкент. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ және ауыл тұрғындарыныӊ қатысуымен, Түркістан қаласы маӊындағы Үшқайық ауылдық округінде жаӊа "Қарашық" шағын су қоймасы пайдалануға берілді. Су қойма жалпы қоры 2 млн. м3 суды сақтауға қауқарлы. Су қоймасы енді 350 гектар аумақты суғаруға тікелей септігін тигізеді. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі өӊірде мұндай су қоймалардыӊ саны болашақта артатынын жеткізді.

"Оӊтүстік Қазақстан облысында келешекте 30-ға жуық су қойманыӊ құрылысы басталады. Нәтижесінде суды тиімді пайдаланып, оны сақтап суармалы жерлерге жұмсауға болады. Осылайша облыста егістіктіӊ көлемі артып, жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Еӊ бастысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше екпін береді", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетерлігі, "Қарашық" шағын су қоймасыныӊ құрылысын "СМК и Ж-7" ЖШС-і жүргізген. Құрылыс нысанын салуға 471,4 млн теӊге жұмсалыпты. Бүгінде су қойма ел игіліне беріліп отыр. Алдағы уақытта Үшқайық ауылдық округінде жүгері, жоӊышқа, бақша дақылдары егілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны