22.08.2018, 19:47 4921

Түркістандық жас кәсіпкер ерекше жобаны жүзеге асыруда

Қазір тәулігіне 1000 данаға дейін өнім кәсіпкердіӊ шағын ғана цехында шығарылады. Еӊ бастысы, бұл дайын өнімге қажетті шикізаттыӊ 70-80 пайызы - отандық өнім. Тек қажетті қағазы ғана Қытайдан әкелінеді екен. Жас кәсіпкер енді сол дүниені де осында өндіруді жоспарлап отыр.

Түркістан. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Түркістандық жас кәсіпкер Исламбек Жандар осыдан екі жыл бұрын Қытайдан автокөлікке қажетті бөлшектерді құрастыруды үйреніп, арнайы құрылғыны аспанасты елінен ала келіп қызығушылықпен іс бастаған. Содан бері кәсібі бір жүйеге түскен Исламбек бүгінде автокөлікке қажетті түрлі тазартқыштардыӊ (фильтр) 280-нен астам түрін жасап шығарады. Тапсырыста аз емес, тұтынушыларыныӊ қатары еселене түсуде. Биылғы жылы кәсіпкер ісін дамыту үшін биыл мемлекет тарапынан "Жас кәсіпкер" бағдарламасы бойынша арнайы грант ұтып алды.

Қазір тәулігіне 1000 данаға дейін өнім кәсіпкердіӊ шағын ғана цехында шығарылады. Еӊ бастысы, бұл дайын өнімге қажетті шикізаттыӊ 70-80 пайызы - отандық өнім. Тек қажетті қағазы ғана Қытайдан әкелінеді екен. Жас кәсіпкер енді сол дүниені де осында өндіруді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар ауыр жүк көліктеріне арналған ауа тазартқыштар біздіӊ нарыққа көрші Қытай және Еуропа елдерінен жеткізілетін еді. Енді Түркістандағы Исламбектіӊ шағын ғана цехында шығарылып жатыр.

Шағын цехтыӊ иесі бүгінде 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта кәсібін кеӊейтуді жоспарлап отырған Исламбек отандық өнімніӊ көлемін 100 пайызға жеткізіп, яғни Қытайдан әкелінетін шикізат қағазды да осында шығаруды келер жылы бастауға тәуекел етіп отыр. Ол кезде қосымша жұмыс күші де қежіт болады екен. қазіргі таӊда Исламбек Жандардыӊ цехында бір айда ауа, май және бензин тазартқыштыӊ 280-нен астам түрінен 25 мыӊ данасы шығарылады. Алдағы уақытта оныӊ көлемі еселеп артпақ. Себебі ол "Ырыс"қаржы ұйымыныӊ "Жас кәсіпкер" бағдарламасы бойынша грантын ұтып алған.

Жалпы, Түркістан қаласында жыл басынан бері "Ырыс" қаржы ұйымы арқылы 25 жоба қаржыландырылған. Оныӊ ішінде автокөлікке қажетті тазартқыштар шығаратын цехтан бөлек, қоқыс қалдықтарын өӊдейтін жоба да бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны