23.12.2017, 15:53 5013

Түрксіб ауданында 150 аула абаттандырылады

2017 жылғы бекітілген бюджеттік бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік сатып алуға 218,3 млн. теӊге қаражат бөлінді,-деп мәлімдеді Түрксіб ауданыныӊ әкімі Павел Кулагин Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Алматы. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2017 жылғы бекітілген бюджеттік бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік сатып алуға 218,3 млн. теӊге қаражат бөлінді,-деп мәлімдеді Түрксіб ауданыныӊ әкімі Павел Кулагин Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар, аудан басшысы сыртқы жарықтандыру желілерін күтіп ұстауды "Алматы Қала Жарық" МКМ мердігер ұйыммен жүргізілетіндігін де атап өтті.

Қазіргі уақытта, "Алматы Қала Жарық" МКМ жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ауланы жарықтандыру бойынша 52 аулаға 287 жарық көздері, сондай-ақ, сыртқы жарықтандыру бойынша 28 көшеге 533 жарық көздерін, оныӊ ішінде Колхозшы ықшам ауданы 14 көше 214 жарық көздері.

Ауданда 1146 көппәтерлі тұрғын үй бар. Кондоминиум 118 үй бойынша рәсімделді, қазіргі уақытта "Өӊірлерді дамыту-2020" ("Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын (ТКШ) жаӊғырту") бағдарламасы аясында жоспардағы 22 көппәтерлі тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды (жалпы соммасы 253 млн.тг). 2018 жылға жоғарыда аталған бағдарламаға қатысу үшін 70 өтініш берілді.Сондай-ақ, ПИК-тіӊ қаражаты есебінен жалпы сомасы 17 592 600 теӊгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы сомасы 918 млн.теӊгеге 80 аулаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Түрксіб ауданындағы 150 ауланы абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде,- деп хабарлады аудан басшысы Павел Сергеевич Кулагин.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны