04.03.2013, 16:24 3951

Тұтынушылардың жоғары сұранысы Қазақстан экономикасы өсуінің негізгі факторына айналды

"Қазақстандық экспорттық өнімге сұраныстың азаюы жағдайында экономика өсуінің негізгі факторы тұтынушылардың жоғары сұранысы және елімізде байқалған инвестициялық белсенділіктің жандануы болды", - деді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Парламент Мәжілісіндегі Үкіметтік сағатта сөйлеген сөзінде.

Астана. 4-наурыз. Kazakhstan Today - Өткен жылы Қазақстан экономикасының өсу факторлары тұтынушылардың жоғары сұранысы және ел ішіндегі инвестициялық белсенділіктің жандануы болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстандық экспорттық өнімге сұраныстың азаюы жағдайында экономика өсуінің негізгі факторы тұтынушылардың жоғары сұранысы және елімізде байқалған инвестициялық белсенділіктің жандануы болды", - деді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Парламент Мәжілісіндегі Үкіметтік сағатта сөйлеген сөзінде.

ЭБЖМ мәліметі бойынша негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 3,8 %-ға өсті, құрылыс өсуінің қарқыны 2,9%-ды құрады.

"Илемдік экономиканың баяу өсуі жағдайында өсу қарқыны жоспарланған мөлшерлерден біраз төмен болды. Оның негізігі себебі сыртқы сұраныстың қысқаруы, сонымен қатар өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнім өндірісінің 27,7%-ға азаюы және мұнай шығарудың 81 млн теңге жоспары кезінде 79,2 млн тоннаға дейін төмендеуі болды",- деп жалғастырды Экономика министрлігінің басшысы.

Е.Досаевтың айтуынша, тауар өндіру саласындағы жоғары емес қарқындар қызмет көрсету саласымен теңгерілген. Осылайша, көліктік қызмет көрсетулер 7,2%-ға, байланыс қызмет көрсетулері 9,6% артқан. Көтерме және бөлшек сауданың өсуі 14,6%-ды құрады.

Жалпы алғанда 2012 жылы әлемдік сұраныстың баяулауына қарамастан еліміздің сыртқы сауда айналымы 9,8%-ға артты.

Өткен жылдың сәйкес мерзіміне тауар экспорты 5,3%-ға, импорт - 20,2%-ға өскен.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы ІЖӨ-нің нақты өсуі 5%-ды құрады.

"Сонымен қатар, әлемдік экономикадағы жағдайды талдау көрсеткендей, бірқатар мәселелерді шешуде ілгерілеуге қарамастан қазіргі тенденцияны кез-келген уақытта бұза алатын жүйелі қатерлер сақталуда", - деп атап өтті министр өз баяндамасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны