02.02.2021, 18:09 9563

ҚТЖ: Қытай вагондарды қабылдау мен түсіру бойынша шұғыл шаралар қабылдайды

Вагондарды ұзақ қабылдаудың бір себебі – қытайлық тарапта жылжымалы құрамға зарарсыздандыру жүргізу. Осыған байланысты қазақстандық тарап сыртқы зарарсыздандыру рәсімдерін жүзеге асыруға дайындығын мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан. 2 ақпан. Kazakhstan Today - COVID-19 жағдайындағы қазақстандық-қытайлық шекарадағы өткізу пунктерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша бейнеконференция форматында ҚР мен ҚХР өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі – Алашаңқай станциясында ҚР келген жүк пойыздарын қабылдауды арттырып тәулігіне 18-20 пойызға дейін, ал Қорғас станциясында тәулігіне 8-10 пойызға жеткізу. 
 

Өткен жылы ҚХР тарапынан енгізілген қатан эпидемиологиялық шараларға байланысты Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелдерінде қазақстандық тарапта 16 мың тиелген вагон жиналып қалса, қытайлық тарапта – 6 мыңға дейін. Келіссөздер нәтижесінде қытайлық тарап ҚР жүк пойыздарын қабылдауды арттыру бойынша шаралар қабылдайтын болады: Алашаңқай станциясында – тәулігіне 18 пойыз, ал 1 наурыздан тәулігіне 20 пойыздан, Қорғас станциясында – тәулігіне 8 пойыз, 1 наурыздан тәулігіне 10 пойыз. Тараптар жоспарланған жүк көлемін қабылдау мен өңдеу үшін Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас станциялары бойынша қайта тиеу терминалдарының қуаты толық дайын екендігін атап көрсетті", - деп хабарлайды "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС баспасөз қызметі.

 
Бұл ретте қытайлық тарап ҚР аумағында тоқтап тұрып қалған азық түлік жүгі бар жабық вагондарға қатысты жедел шаралар қабылдайды. 1 ақпаннан ҚХР Алашаңқай мен Қорғас станциялары аумағында тұрған жабық вагондарды түсіруді бастады. Сөз 430 жабық вагон туралы болып отыр. Ары қарай Қазақстан аумағында тұрған 2200 жабық вагондарды қабылдау жоспарланған. 
 

Вагондарды ұзақ қабылдаудың бір себебі – қытайлық тарапта жылжымалы құрамға зарарсыздандыру жүргізу. Осыған байланысты қазақстандық тарап Қытай мемлекеттік сәйкестікті бағалау жөніндегі комитетімен (CNAS) акредиттелген және сертификаты халықаралық деңгейде танылған сертификаттау жөніндегі "China Certification & Inspection Group" (CCIC) компаниясын тарта отырып, сыртқы зарарсыздандыру рәсімдерін жүзеге асыруға дайындығын мәлімдеді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, бейне-конференция барысында тараптар ҚР мен ҚХР арасындағы шекаралық өткелдердің инфрақұрылымын ары қарай да дамытуда бірлескен шаралар қабылдауға уағдаласты. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны