07.02.2014, 18:22 3591

ТЖМ мен ҚР ҰКП ШОБ өкілдерінің құқығын қорғау үшін ортақ өлшем жасақтауда - Д.Бапы

"Біз ТЖМ мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында меморандум түзе бастадық. Онда орта және шағын бизнес өкілдерінің құқығын қорғау бойынша ортақ өлшемдер көрсетіледі. Себебі, Елбасының халыққа Жолдауында ЖІӨ-дегі ШОБ-тің үлесін 2050 жылға қарай 50%-ға жеткізу керек деп тапсырма берді", - деді Д. Бапы.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе шағын және орта бизнес өкілдерінің құқығын қорғау үшін ортақ өлшемді жасақтау мақстатында ынтымақтастық туралы Меморандум түзуде, деді "Strategy2050.kz" АҚ берген эксклюзивті сұхбатында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Бапы.

"Біз ТЖМ мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында меморандум түзе бастадық. Онда орта және шағын бизнес өкілдерінің құқығын қорғау бойынша ортақ өлшемдер көрсетіледі. Себебі, Елбасының халыққа Жолдауында ЖІӨ-дегі ШОБ-тің үлесін 2050 жылға қарай 50%-ға жеткізу керек деп тапсырма берді", - деді Д. Бапы.

Сонымен қатар, ол, бұл игі бастама Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының аясында жасалуда деп атап өтті.

"ТЖМ Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің ұжымы Жолдауды зерттеп шықты. Қазіргі таңда Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды біздің жоспарымызға енгізетін жұмыс тобы құрылып, олар өз жұмыстарын бастапта кетті. Атап айтатын болсақ, шағын және орта бизнес пен өндіруші кәсіпорындар саласы бойынша", - деп ол ағынан жарылды.

Айта кетерлік жайт, министрлік рұқсат беретін құжаттардың санын қысқарту бойынша істер атқарып жатыр. Сонымен, өрт қауіпсіздігі бойынша рұқсатнама беру 9 есе, өндірістік қауіпсіздік бойынша 10 есе қысқартылса, лицензияның 23 түрі алынып тасталды.

Сондай-ақ, өрт және өндірістік қауіпсіздік желісі бойынша тексеру мен азаматтық қорғаныс бойынша жоспарланған шараларды жүзеге асыру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны