10.06.2008, 13:13 1545

ТЖМ шағын және орта бизнесті тексерулерді өрттен міндетті сақтандыруға алмастыруды ұсынады - Школьник

ТЖМ шағын және орта бизнесті тексерулерді өрттен міндетті сақтандыруға алмастыруды ұсынады - Школьник

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Төтенше жағдайлар министрлігі шағын және орта бизнесті тексерулерді өрттен міндетті сақтандыруға алмастыруды ұсынады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Төтенше жағдайлар министрлігі кейбір санаттағы нысандарды өрттерден міндетті сақтандыру жүйесін енгізу саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеуде. Бұл өрттерден міндетті сақтандыру жүйесін дамыту тұжырымдамасын ағымдағы жылы жасап үкіметке енгізуді көздейді", - деді В. Школьник.

"Яғни, өртке қарсы күрес қызметтерінің тексерулерін өрт шыққан жағдайда кәсіпкерлердің үшінші жақ алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруға алмастыруға ниет бар", -деп түсіндірді ол.

"Бұл жүйені пайдалану шаруашылық субьектілерін өрт сөндірушілер тарапынан жаппай тексерулерден бас тартуға алып келеді", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны