25.02.2015, 18:01 4314

Ұ.Қарабалин бензин бағасы тағы да төмендеуі мүмкін екенін айтты

Мұнай бағасы түссе, бензин құны да арзандайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Мұнай бағасы түссе, бензин құны да арзандайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өздеріӊіз де білетіндей, соӊғы 1-2 айдыӊ ішінде біз бензин бағасын үш мәрте төмендеттік. Оныӊ себебі, мұнайдыӊ бағасы төмендеген сайын бензинніӊ де бағасы арзандайды", - деді ол, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бірінші вице-министрдіӊ айтуынша, елімізде бензин бағасы Үкімет белгілеген ережеге сәйкес есептелінеді.

"Сол ережеге сәйкес мұнайдыӊ бағасы әлі де төмен түсетін болса, әрине, бензин бағасы да төмендейді. Бірақ мұнай бағасы көтерілер болса, онда бензинніӊ де бағасы көтерілетіндігі түсінікті", - деді Ұ.Қарабалин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны