27.07.2015, 12:13 3995

Ұ.Қарабалин егін ору науқанында жанар-жағармай қымбаттамайтынын айтты

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметініӊ брифингісіне қатысып, журналистердіӊ сұрағына жауап берген Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин егін ору науқаны кезінде бензин мен дизельдік отын қымбаттамайтынын айтты

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметініӊ брифингісіне қатысып, журналистердіӊ сұрағына жауап берген Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин егін ору науқаны кезінде бензин мен дизельдік отын қымбаттамайтынын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жанармай бағасы көктемгі немесе күзгі егіс науқанына емес, әлемдік нарықтағы бағаға қатысты өзгеріп отырады. Біз мұнай өнімдерініӊ 30 пайызын Ресейден импорттаймыз. Қазіргі таӊда мұнай өнімдерініӊ бағасы күрт өзгеріп жатқан жоқ. Сондықтан да, егіс науқанына байланысты баға күрт көтерілмейді. Егер ондай жағдай болса да, ол негізінен нарықтағы бағаныӊ өзгеруі нәтижесінде орын алуы мүмкін", - деп түсіндірді Ұзақбай Қарабалин, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, елімізде бензин бағасы соӊғы рет мамыр айында (99 теӊгеден 108 теӊгеге дейін) өскен болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны