13.02.2014, 19:25 19356

Ұ.Қарабалин: Мұнай өнімдері бағасының өзгеруі ТМРА бақылауында

Мұнай өнімдеріне бағаның ауытқуы мен белгілеулері ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жіті бақылауында. Бұл туралы ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Мұнай өнімдеріне бағаның ауытқуы мен белгілеулері ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жіті бақылауында. Бұл туралы ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

"Газ үлкен көлемде Ресеймен ауысу операциялары арқылы түседі. Ол газбен біз Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына жылына 4,6 млрд текше метр газды 85 доллар бағасымен қамтамасыз етеміз.

Сонымен қатар, ТШО-дан көгілдір отын Маңғыстау мен Атырау облыстарына 2,2 млрд доллар көлемінде сатып алынады. ТШО-мен келісім доллармен жасалғандықтан, осы мәселелерді теңгенің жаңа бағамымен теңестіру мақсатында компаниямен келіссөздер жүріп жатыр", - деді Ұ.Қарабалин.

Министрдің айтуынша, "болашақта газға қатысты қандай да өзгерістер болып жатса халық үшін өсім сақталады".

Сонымен, мұнай өнімдеріне бағаның ауытқуы мен белгілеулері ТМРА жіті бақылауында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны