Система Orphus

Уақытылы тапсырылмаған статистикалық есеп үшін айыппұл салынбайды - Ұлттық экономика министрлігі

09.04.2020, 13:37 1216

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР ҰЭМ Статистика комитеті респонденттерге уақытылы есеп бермегені үшін айыппұл салуды шегерді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдай кезінде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты:

- респонденттерге қатысты ҚР ӘҚК 497 бабы бойынша осы кезеңдегі бастапқы статистикалық деректерді беру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалмайды;

- бұрын салынған айыппұл санкциясы бойынша айыппұл алынбайды және оларды мәжбүрлеп өндіру үшін материал жолданбайды.

Еске салсақ, 2020 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті құқық қорғау және фискалдық органдар тарапынан кәсіпкерлерге кез келген қысымды, оның ішінде, әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмауды тапсырған болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны