19.05.2014, 19:21 3283

Үдемелі индустрияландыру өнім өткізу нарығының кеңеюін қажет етеді - Р. Сұлтанов

"Осы ретте, Қазақстанның дамуының оңтайлы жолы үдемелі индустрияландыру десе болады. Алайда, қазақстандық экономиканың тартымдылығын арттыруға беретін бұл жол өткізу нарығынсыз мүмкін емес", - деді Р.Сұлтанов.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. "Кедендік одақ құрылғалы 4 жыл өтті. Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында интеграцияға бірқатар мәселелер түрткі болды. Кедендік одақты құруда басты себеп ретінде Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелді болуын атап өтсек болады. Бұл тұрғыда өндіріс құрылымы мен тауар экспорты дәлел бола алады", - деді Р. Сұлтанов. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ЭБЖМ "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ бас директоры Руслан Сұлтанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, республиканың экономикасына 1993 жылдан бері тартылған инвестициялардың басым бөлігі өндіру секторына салынған.

"Осы ретте, Қазақстанның дамуының оңтайлы жолы үдемелі индустрияландыру десе болады. Алайда, қазақстандық экономиканың тартымдылығын арттыруға беретін бұл жол өткізу нарығынсыз мүмкін емес", - деді Р.Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, еуразиялық интеграция туралы идеясын Мемлекет басшысы 1994 жылы М. Ломоносов атындағы ММУ оқыған лекциясында мәлім еткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны