23.02.2017, 19:03 7256

ҰЭМ: ЭЫДҰ нұсқаулары қазіргі уақытта әзірленіп жатқан Ұлттық жол картасыныӊ негізін құрайтын болады

Президенттіӊ жарлығымен ҚР "Мемлекеттік қызметкерлердіӊ еӊбекақысын төлеудіӊ кейбір мәселелері" жобасы құрастырылды. Онда бонусты төлеу шарттары мен реті белгіленген. Мемлекеттік қызметкерге материалдық көмек көрсету, сондай ақ, "Б" корпусындағы мамандарға лауазымдық қызметақыға ай сайын үстемақы төлеу қаралған. Сыйықа лауазымы және жұмыс нәтижесіне қарай берілді.

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - ЭЫДҰ "Мемлекеттік басқару (функционалдық шолу) толық қарауға әкелетін қосымша қарау" жобасы шеӊберінде Қазақстанға берілген ұсынымдар қазіргі уақытта Қазақстан Премьер-Министрініӊ тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан Ұлттық жол картасыныӊ негізін құрайтын болады деп хабарлады ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Ибілқасымова.

Функционалдық шолудыӊ тұсаукесері алдында өзініӊ алғы сөзінде Ибілқасымова ЭЫДҰ стандарттарына негізделген мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудыӊ шешуші бағыттарына тоқталды.

Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша Қазақстан Президентініӊ бастамасы үкімет пен парламенттіӊ бақылау функцияларын нығайтуды көздейтінін атап өтті. Вице-министрдіӊ айтуынша, парламент пен үкімет ынтымақтастығын жақсарту халық, сайлаушылар және басқару тармақтарыныӊ органдары арасында кері байланысты күшейтуді қамтиды, ол ЭЫДҰ стандарттарына толық көлемде сәйкес келеді.

"ЭЫДҰ функционалдық шолу шеӊберінде мәселелердіӊ төрт блогы қарастырылды, олар: көп деӊгейлі басқару және орталықсыздандыру, гендерлік саясат, ашық үкімет және мемлекеттік басқару саласындағы соӊғы реформалардыӊ шолуы", - деп хабарлады Ибілқасымова.

Ол "аталған функционалдық шолуда мемлекеттік басқарудыӊ барлық деӊгейде ролдері мен міндеттері балансыныӊ негізділігіне, өзін-өзі жеткілікті вектор ретінде орталықсыздандыруға, азаматтық қатысуға, мемлекеттіӊ барлық тіршілік әрекетінде гендерлік тепе-теӊдікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар үкіметтіӊ есептілігі және шешім қабылдау процесініӊ ашықтылығы және жергілікті деӊгейде потенциалды арттыруға айрықша көӊіл бөлінетінін" атап кетті.

Вице -министр Қазақстанда шағын әрі ашық Үкімет құрубағытында ауқымды жұмыс жасалғанын атап өтті. Сондай ақ, жергілікті өзін өзі басқаруинститутын дамыту үшін, бірқатар жұмыс атқарылды. Аудан орталықтары, ауылдық елдімекенмен ауыл әкімдерініӊ 90% сайланды. Алдағы уақытта облыстық маӊызы бар қала әкімдерін, облыс аудандары және қала аудандары әкімдерін сайлау мәселесі қаралады.

Ибілқасымова мемлекеттік огандарға тиесілі емес қызметтерді бәсекелі ортаға беру процесі туралы айтты. Оныӊ айтуынша болашақта 100 ден аса мемлекеттік қызмет бәсекелі ортаға беріледі.

Сондай ақ, ол мемлекеттік қызметкерлердіӊ еӊбек ақысын жұмыс нәтижесіне қарай белгілеу жүйесі енгізілетінін хабарлады. Президенттіӊ жарлығымен ҚР "Мемлекеттік қызметкерлердіӊ еӊбекақысын төлеудіӊ кейбір мәселелері" жобасы құрастырылды. Онда бонусты төлеу шарттары мен реті белгіленген. Мемлекеттік қызметкерге материалдық көмек көрсету, сондай ақ, "Б" корпусындағы мамандарға лауазымдық қызметақыға ай сайын үстемақы төлеу қаралған. Сыйықа лауазымы және жұмыс нәтижесіне қарай берілді.

"Шолу бойынша барлық ұсыныстар Ұлттық жол картасы шеӊберінде іске асырылады. Премьер-министрдіӊ тапсырмасымен аталған жол картасын әзірлеуді бастадық. Ол сәуір айында Қазақстан Премьер министрініӊ жетекшілігімен өтетін ЭЫДҰ-мен ықпалдастықты үйлестіру кеӊесініӊ отырысында бекітіледі ",- деді Ибілқасымова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны