09.09.2016, 11:25 4362

ҰЭМ: Қазақстанныӊ ЖІӨ 2016 жылдыӊ 8 айында 0,3% құрады

ҚР-да тамыз айында экономика 0,1 пайызға өсті, биылғы жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 0,3 пайызды құрады, деді Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасында тамыз айында экономика 0,1 пайызға өсті, биылғы жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 0,3 пайызды құрады, деді Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

"Тамыз айында экономика 0,1 пайызға өсті, биылғы жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 0,3 пайызды құрады. Мусым айынан бастап экономика өсімі бойынша "Нұрлы жол" бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар іске қосылды. Экономикада тұрақсыз жағдай болса да, Қазақстанныӊ жағдайы өзге жақын елдерге қарағанда жақсы болып отыр", - деді министр.

Оныӊ айтуынша, құрылыстағы өсім (6,7%), көлік саласында (4,2%), ауыл шаруашылығында (4,9%), өӊдеу өнеркәсібі (0,7%) қызмет көрсету саласында (0,4%) өсті.

Қ.Бишімбаев айтып өткендей, тау- кен өӊдеу саласында 4,8 пайызға төмендеу байқалып отыр. Бұл мұнай (4,9%), көмір (6,5%), темір (15,8%) өндірудіӊ азаюына байланысты.

"Табиғи газ өндіру көлемі артты және түрлі-түсті металдарды өндіру Бозшакөл мен Ақтоғай кен орындарыныӊ іске қосылуы арқылы өсті", - деді ол.

"2016 жылдыӊ 1 қыркүйегінде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 304,4 млрд теӊге 769,6 млрд теӊгеден игерілді. "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ мақсатты трансферті бойынша игеру қаржыландыру жоспарына 97 пайызды құрады", - деді ол.

Көліктік - инфрақұрылымдық даму үшін 197,7 млрд теӊге қарастырылған, игеру 99,7 млрд теӊгені құрады.

Министрдіӊ айтуынша, жылу мен сумен қамту жүйесін жаӊғырту үшін 90 млрд теӊге қарастырылған, 55,2 млрд теӊге немесе 100 пайызы игерілді. Тұрғын үй мен инфрақұрылым құрылысына 329,7 млрд теӊге, инфрақұрылымға 78,5 млрд теӊге қарастырылған, оныӊ 37,7 млрд теӊгесі немесе 90,6 пайызы игерілді. 702 шақырым инженерлік желі салынды.

"Баспана құрылысына 251,2 млрд теӊге бөлінді, бүгінде 178,3 млрд теӊге келісімі бар. Білім беру нысаныныӊ құрылысына 60,9 млрд теӊге құрады, ол 32,0 млрд теӊге немесе 91,3 пайызы игерілді", - деді министр.

"Ұлттық қор мен БЖЗҚ есебінен кәсіпкерлік қызметті ынталандыру үшін 2016 жылы барлығы шамамен 575 млрд теӊге қарастырылған, деп Ақордада Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтіп жатқан кеӊейтілген Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

"Нұрлы жол" Мемлекеттік бағдарламасы мен Дағдарысқа қарсы жоспар аясында маӊызды бағыттардыӊ бірі кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып келеді. Ұлттық қор мен БЖЗҚ есебінен кәсіпкерлік қызметті ынталандыру үшін 2016 жылы барлығы шамамен 575 млрд теӊге қарастырылған",-деді ол.

Ведомство басшысы айтып өткендей, бұл қаражаттар инфрақұрылымды жаӊалауға, жаӊа инвестициялық жобаларды несиелендіруге, айналымдағы капиталды қаржыландыруға және экспорттық операциялар мен қарыздарды жетілдіруге бағытталған.

"Бүгінгі күні қарастырылған қаржыдан ЕДБ мен қаржы институттарында шамамен 333 млрд теӊге орналастырылған, оныӊ ішінде 141 млрд теӊгені кәсіпкерлер алды",-деп толықтырды сөзін министр.

2016 жылдыӊ соӊына дейін "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша толық игеру қамтамасыз етіледі, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында.

"2016 жылдыӊ соӊына дейін "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша толық игеру қамтамасыз етіліп, дағдарысқа қарсы шаралар толық орындалады. Тауарлар мен қызметтерге бағаныӊ негізсіз өсуі тоқтатылады. Жалпы, экономикадағы оӊ өзгерістерге орай, біз ЖІӨ өсімін жоспарланған 0,5 пайызда күтіп отырмыз", - деді министр.

Оныӊ айтуынша, Дағдарысқа қарсы жоспар аясында Үкімет кәсіпорындарды қолдау үшін бірқатар шаралар қабылданды: ТЖ көлігі мен электр энергиясына бірқатар жеӊілдіктер қарастырылған.

Сондай-ақ, ведомство басшысы айтып өткендей, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар нәтижесінде 170 мыӊ жұмыс орны сақталды, оныӊ ішінде 114 мыӊы тұрақты. Жалпы, қабылданған шаралар 5 пайыз деӊгейінде тұрған жұмыссыздықты өсірмейді.

2016 жылдыӊ басынан бастап Қазақстанныӊ халықаралық резерві 4,2%-ға өсті және 95,2 млрд АҚШ долларын құрады

ҚР-да тікелей шетелдік инвестициялар ағымы өсті және 5,7 млрд АҚШ долларын құрады, яғни, ол өткен жылғыға қарағанда 5 есеге жоғары. Осыған орай, еліміздіӊ халықаралық резерві жылдыӊ басынан бастап 4,2%-ға өсті және 95,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтіп жатқан кеӊейтілген Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

"ЖІӨ өсуініӊ егізгі факторы ретінде негізгі капиталға салынған инвестицияныӊ 4,8%-ға өсуі болды, сонымен қатар, сіз бастама берген "Нұрлы жол" бағдарламасына да орай. Негізгі капиталға салынған инвестицияныӊ жалпы көлемі 4,3 трлн теӊгені құрады, оныӊ ішінде 1,5 трлн теӊге мемсектормен салынды",-деді ол.

Министр өндіруші салалардағы инвестицияныӊ айтарлықтай өсуін атап өтті. Олар өндірістік, ауыл шаруашылығы, сауда және қаржы секторы.

"Тікелей шетелдік инвестициялар ағымы ұлғайды және 5,7 млрд АҚШ долларын құрады, яғни, ол өткен жылғыға қарағанда 5 есеге жоғары. Осыған орай, еліміздіӊ халықаралық қорлары жылдыӊ басынан бастап 4,2%-ға өсті және 95,2 млрд АҚШ долларын құрады, ал Ұлттық қордыӊ активтері 64,7 млрд АҚШ долларына жетті",-деп Ведомство басшысы айтып өтті.

Айта кетейік, ТШИ келесі секторларға жүрді: химия және фармацевтика, машина жасау, құрылыс, көлік, мұнай және металл кендері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны