18.06.2014, 21:04 3268

ҮИИД бағдарламасы бойынша Ақмола облысында 2 жоба жүзеге асырылды

Ақмола облысында ҮИИД бағдарламасы бойынша 2 жоба жүзеге асырылды. Қазіргі таңда Индустрияландыру картасы аясында Егіндікөл ауданында 1017,3 млн теңгенің 2 жобасы іске асырылды. Соның арқасында 33 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Ақмола облысында ҮИИД бағдарламасы бойынша 2 жоба жүзеге асырылды.

Қазіргі таңда Индустрияландыру картасы аясында Егіндікөл ауданында 1017,3 млн теңгенің 2 жобасы іске асырылды. Соның арқасында 33 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"20 мың тонналық қамба құрылысы" жобасын "Бауманское-07" ЖШС қолға алған. Жобаның құны 608,3 млн теңге. "Бауманское-07" ЖШС қамбаға 60 мың тонналық қуаттылыққа ие ғимаратпен бірге жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Екінші жоба "2000 бас ірі қара шаруашылығын құру, соның ішінде 500 аналық мал басын өсіру" "Армавирский" ЖШС тарапынан іске асырылды. Шаруашылық Егіндікөл ауданының Спиридоновка ауылында. Оның құны 409 млн теңге, соның 326 млн теңгесі "ҚазАгроҚаржы" АҚ-нан алынған қарыз қаражат.

Айта кету керек, Егіндікөл ауданында индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыру аясында ауыл шаурашылығы мен оның өңімдерін өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі, соның ішінде әйнек, плита, кірпіш пен өзге де заттарға басымдылық берілген.

Сонымен қатар, ауданда жел және күн қуаты негізіндегі автономды энергетикалық кешен құрылысына да ерекше көңіл бөлуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны