Система Orphus

ҮИИД МБ экономикалық өсімнің оң қарқынын ұстап тұруға мүмкіндік берді - Е.Досаев

02.07.2014, 20:14 954

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы экономикалық өсімнің оң қарқынын ұстап тұруға мүмкіндік берді, деп мәлімдеді бүгін ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үкіметтің есебінде.

"2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы сіздің берген экономиканы жаңғырту мен әртараптандыру тапсырмасын іске асырудың бастамасы болды. Бірінші бесжылдық базалық саланы, өңдеуші өнеркәсіпті, көлік және энергия инфрақұрылымын, шағын және орта бизнесті қамти отырып экономика салаларының кең спектрін дамытуға бағытталды", - дейді Е.Досаев.

Оның айтуынша, Бағдарлама экономика өсімінің оң қарқынын сақтауға, дағдарысқа қарсы құрал ретінде әлемдік қаржы дағдарысы кезінде өндіріс және жұмыспен қамтуды тоқтатпауға мүмкіндік берді.

"Мемлекеттік бағдарламаның қаржылық қаматамасыз етуі мақсатында 2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін 3,7 трлн теңге бөлінді. Сонымен қатар, инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға 2,4 трлн теңге жеке инвестиция тартылды", - дейді.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны