14.05.2014, 22:09 3735

УИИД МБ кәсіпорындары 2013 жылы 1,2 трлн теңгеге өнім шығарды

Индустрияландыру картасы аясында әрекет ететін кәсіпорындар 2013 жылы 1,2 трлн теңгеге өнім шығарды, деп хабарлады бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісінде 2013 жылға ҚР бюджетінің орындалуы туралы Есеп комитетінің есебін таныстыру барысында.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. Индустрияландыру картасы аясында әрекет ететін кәсіпорындар 2013 жылы 1,2 трлн теңгеге өнім шығарды, деп хабарлады бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісінде 2013 жылға ҚР бюджетінің орындалуы туралы Есеп комитетінің есебін таныстыру барысында.

"Индустрияландыру картасының енгізілген жобалары жалпы 2,8 трлн астам теңгеге өнім шығарды, оның ішінде 2013 жылы - 1,2 трлн теңге немесе өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінен 6,5%", - деді Б. Сұлтанов.

Ол сондай-ақ Карта жобаларының 2013 жылға ЖІӨ өсіміне үлесі 0,8 пайыздық тармақты құрағанын атап өтті, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, соңғы 4 жылда Индустрияландыру картасы аясында жалпы 2,4 трлн теңге сомаға 651 жоба енгізілді, 67 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл кәсіпорындардың өнімдерін экспорттау бұл кезеңде 113 млрд теңгеге жетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны