02.07.2014, 20:23 3300

ҮИИД МБ-ға квазимемлекеттік және жеке сектор инвестиция есебінен 2,6 трлн теңге тарту көзделген

Жалпы, 6,6 трлн теңге инвестиция көлемі ҮИИД МБ -2 бағдарламасына бағытталады. 6 трлн теңгені квазимемлекеттік және жеке меншік сектор үлесінен тарту көзделген.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. ҮИИД МБ квазимемлекеттік және жеке сектор инвестиция есебінен 2,6 трлн теңге тарту көзделген. Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Үкіметтің ҮИИД МБ жүзеге асуы бойынша қорытынды отырыста мәлімдеді.

"Екінші бесжылдық үшін қаржылық қолдау көрсету және өндірістік компаниялар мен жеке секторды дамытуға бағытталған, яғни банктік саланы сауықтыруға жаңа инвестиция тартып, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті кеңейту жоспарланған. Заңнамалық база дайын. Ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап, шетелдік инвесторлар және халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді жұмыс жүргізіле бастайды", - деді ол.

Жалпы, 6,6 трлн теңге инвестиция көлемі ҮИИД МБ -2 бағдарламасына бағытталады. 6 трлн теңгені квазимемлекеттік және жеке меншік сектор үлесінен тарту көзделген.

"Бюджеттік қаржыландыру 650 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 1 трлн теңгесі Ұлттық қор есебінен. Осындай тәсілмен 1мемлекеттік инвестицияға 4 жеке меншік инвестиция тарту көзделген", - деді Е. Досаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны