06.12.2011, 14:18 3190

ҰИҚ инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін бірқатар шетелдік компаниялармен серіктестік желі құрады

Кеше ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған алғашқы Инновациялық форум аясында Ұлттық инновациялық қор мен бірқатар шетелдік компания арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҰИҚ инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін бірқатар шетелдік компаниялармен серіктестік желі құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған алғашқы Инновациялық форум аясында Ұлттық инновациялық қор мен бірқатар шетелдік компания арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Алқалы жиын барысында сөз алған қазақстандық мамандардың атап өтуінше, келесі жылдан бастап Қазақстандағы коммерцияландыруды дамыту үшін 6 жаңа коммерциализация кеңселерін ашу, технологияларды коммерцияландыруға гранттар енгізу, жобалардың санын 3 еседен астамға көбейту, сондай-ақ коммерциализацияны қолдаудың аймақтық орталықтарын ашу жоспарланған.

Конференция қорытындысы бойынша еліміздің "Ұлттық инновациялық қоры" АҚ-ымен Inno-AG (Германия), Yissum (Израиль), HTSPE Ltd (Ұлыбритания), Mobile Monday (Финляндия), компаниялары және Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы (Ресей Федерациясы) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Жоғарыда аталған шетелдік компаниялар технологияларды коммерцияландыру жүйесін құруда зор тәжірибеге ие. Меморандум аталған ұйымдармен тұрақты ынтымақтастық орнатуға негіз болады. Бұл олардың технологияларды коммерцияландыру саласындағы тәжірибесімен танысуға және тиімді инновациялық саясатты жүзеге асыруда әріптестік желі құруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны