22.05.2008, 13:55 2946

Үкімет 2009 жылдан бастап мұнай экспортының баж салығын алу тәртібін өзгертуді жоспарлауда-Қаржы министрі

Үкімет 2009 жылдан бастап мұнай экспортының баж салығын алу тәртібін өзгертуді жоспарлауда-Қаржы министрі

Астана. 22 мамыр. "Казақстан Бүгін" - Үкімет 2009 жылдан бастап мұнай экспортының баж салығын салу тәртібін өзгертуді жоспарлауда. Бұл туралы сенаттың жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің елде баж салығы кейбір шектеулермен енгізілген. Яғни, бұл салық келісім шарттарында тұрақты салық режимі белгіленгендерге қолданылмайды. Келесі жылдан бастап жаңа Салық кодексіне байланысты бұл жеңілдіктер алып тасталады", -деп мәлімдеді Б. Жәмішев, депутаттардың сауалдарына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 8 сәуірде өткен үкіметтің отырысында шикі мұнайға баж салығын енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Илемдік мұнайдың бір тонна бағасы $714 жеткенде, баж салығының көлемі $109,91 құрайды. Бұл 2008 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша белгіленген баға.

Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник отырыста түсіндіргеніндей, "бұл жыл аяғына дейін бюджетке түсетін түсімдер мөлшерін $1 млрд ұлғайтады".

"Қаулы бойынша шикі мұнайдың кедендік экспорттық баж салығының ставкасы ренталық салық көлеміне төмендетілуі қарастырылған. Сөйтіп, ренталық ставкамен экспортталатын бір тонна шикі мұнайға салынатын кедендік экспорттық баж салығының мөлшері $27,4 құрайды ", - деді В. Школьник.

Ол атап өткеніндей, " жер қойнауын пайдаланушылары сыртқа шығаратын шикі мұнайға баж салығы салынбайды, өйткені олардың келесім шарттарында тұрақты салық режімі қарастырылған ". "Мұндай шарттардың тізімі қазір анықталып жатыр", -деп анықтап берді ол.

ИСМ басшысы айтқанындай, енгізілетін кедендік баж салығы салық міндеттерін ғана орындап қоймай, ішкі нарыққа мұнай тасымалын тұрақтандырады". " Қаулы жобасында экспорттық баж салығы салынатын қосымша кокс, мұнай битумы өнімдерінің тізімі қарастырылған. Бұл тауарлардың бір тоннасына салынатын баж салығының мөлшері $82,8 құрайды",-деп түсіндірді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны