14.02.2014, 19:24 4420

Үкiмет 2014 жылы әлеуметтiк азық-түлiк тауарларының бөлшек сауда құнына шектi баға белгілейді - С. Ахметов

"Азық-түлiктiң бағасын қымбаттатпау мақсатында Үкiмет 2014 жылға әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бөлшек сауда құнына шектi баға орнататын болады", - дедi Премьер-министр.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Үкiметi 2014 жылға әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бөлшек сауда құнына шектi баға белгілейді. Бұл туралы бүгiн Ақордада кеңейтiлген Үкiмет отырысы барысында ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов мәлімдеді.

"Азық-түлiктiң бағасын қымбаттатпау мақсатында Үкiмет 2014 жылға әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бөлшек сауда құнына шектi баға орнататын болады", - дедi Премьер-министр.

Сонымен қатар, ол жанар-жағармай бағасы қатаң түрде реттелiп, оған бақылау жүргiзiлетiнiн тiлге тиек еттi.

"Осы аптада ұлттық валюта бағамына енгізілген түзету отандық тауарлар мен оны өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға оң ықпалын тигiзедi деп ойлаймыз", - деп толықтырды Серiк Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны