30.04.2008, 16:32 6611

Үкімет 84 млрд теңгеге бірқатар бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыруын тоқтатты

Үкімет 84 млрд теңгеге бірқатар бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыруын тоқтатты

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет бюджетке өзгертулердің енгізілгеніне байланысты 84 млрд теңгеге бірқатар бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыруын тоқтатты. Бұл туралы бүгін мәжілістің пленарлық отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Министр еске салғанындай, "биылғы жылдың экономикалық даму көрсеткіштері, экономика өсімінің жылдамдығы қайта қаралады. Біздің пайымдауымыз бойынша ол 5-7% деңгейінде болады".

"Сонымен қатар, біздің пікіріміз бойынша сыртқы экономикалық қызмет және корпоративті табыс салығы бойынша бюджетке түсетін салымдар мен төлемдер азаяды. Мұндай жағдай үкімет алдына биылғы жылдың бюджет параметрлерін анықтау мақсаттарын қояды", - деді Б. Жәмішев.

"Жалпы бүгінгі жағдайда бюджетті анықтап нақтылау қажет", -деп атап өтті ол.

Қаржы министрлігі хабарлағанындай, жұмыс тобына жетекшілік жасаған вице-министр Өмірзақ Шүкеевтың қатысумен барлық бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы қарастырылып, 84 млрд теңгеге(олар бойынша қысқартулар жүргізілді) бағдарламалар анықталды ".

" Қаржы министрлігіне бұл бағдарламалар бойынша міндеттерді тіркеу, бекіту және шығындарын тоқтату туралы тапсырма берілді. Сол арқылы бюджет көлемі қайта есептеліп, анықталған қаржы мөлшеріне бюджетті қысқартуға жағдай жасау керек. Қаржы министрлігі бюджеттік комиссияның бұл тапсырмасын орындады ", - деді Б. Жәмішев.

" Үкімет бірінші немесе екінші жылдың жартысында бюджетті анықтау барысында тиісті шешім қабылдау керек, бірақ қазіргі күннің өзінде бюджетті анықтау кезінде қаржыландыруды қысқарту үшін парламентке ұсынылатын бағдарламалардың бір бөлігін қарастыру жөнінде шешім қабылданды", - деп атап өтті қаржы министрлігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны