23.11.2012, 16:59 5952

Үкімет астық нарығын реттеуде дұрыс шаралар қабылдауда

Бұл туралы бүгін елордада басталған 6-шы қазақстандық "KAZGRAIN-2012" астық форумында еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Астана. 23-қараша. Kazakhstan Today - Үкімет астық нарығын реттеуде дұрыс шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін елордада басталған 6-шы қазақстандық "KAZGRAIN-2012" астық форумында еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Ағымдағы жылғы құрғақшылық және өткен жылғы рекордтық астық түсімі біздердің ішкі нарықтағы бағаның құлдырауына жол бермегендігімізді көрсетті. Ал осы жылы біз экспортқа ешқандай шектеу қойған жоқпыз. Бұл фермерлерімізге өз өнімдерін әлемдік, тіпті әлемдік бағадан да жоғары бағаға сатуға мүмкіндік береді. Өткен жылы да рекордтық астық жиналуына қарамастан астық бағасы тоннасына 150 доллардан төмен түскен жоқ", - деді министр.

Сондай-ақ А.Мамытбеков өз сөзінде салалық бағдарлама аясында сақтандыру тетіктерін жетілдіру бағытындағы жүмыстар жүрігізіліп жатқандығын баса айтты. Оның пайымынша, бұл астық өндіру кезіндегі фермелердің барлық шығындарының міндетті түрде қайтарымы болатындығына кепіл іспеттес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны