12.12.2016, 15:58 4305

Үкімет азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін қарастырды

Бұл тетіктерді жүзеге асыру үшін "тұрақтандыру қоры" ұғымын алып тастауға және "азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері" ұғымын енгізу бойынша АӨК Заӊына өзгерістер енгізілетін болады.

Астана. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Тұрақтандыру қорларыныӊ жұмыс істеу ережелерін өзгерту туралы кезекті Үкімет отырысында қарастырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақтандыру қорларын жүзеге асыру тетіктерін нақты белгілеуден бас тартып, азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандырудыӊ түрлі тетіктерін пайдалану мүмкіндігін белгілеуді ұсынды.

"Осыған орай, біз азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша үш тетікті ұсынамыз", - деді ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов.

Біріншіден, қазіргі тұрақтандыру қорларыныӊ жұмыс тәртібін жеӊілдету. Бүгінде тұрақтандыру қорларыныӊ ресурстарын сатып алу немесе оны өткізу туралы шешімді қабылдау үрдісі тым реттемеленген. Тек тауарлар тізімі мен шекті үстемені Комиссиямен келісу үдерісін қалдыру ұсынылады.

Екінші тетік бойынша ИКК-ға мемлекеттіӊ жарғылық капиталға 49% кем емес қатысу үлесімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде компания құру мүмкіндігін беру ұсынылады. Жеке меншік кәсіпорын үшін бұл жоба ИКК ұсынған тауарлық немесе ақшалай несие ресурсы, әлеуметтік дүкендер немесе басқа да ИКК нысандары арқылы тиімді болады. ИКК үшін қажетті қосымша инфрақұрылымға жұмсалатын шығындарды барынша азайту басымдық болып табылады.

Үшінші тетік бойынша әкімдіктер сауда нысандарына қойылатын талаптарды әзірлейді. Осы критерийлер бойынша өткен сауда нысандарымен келісімшарттар жасалады, онда әкімдік тарапынан нысанды несиелендіру, сауда нысаны тарапынан келісімшартта көрсетілген белгіленген баға бойынша азық-түліктердіӊ белгілі бір тізімін сату туралы міндеттемелер қарастырылған.

Бұл тетіктерді жүзеге асыру үшін "тұрақтандыру қоры" ұғымын алып тастауға және "азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері" ұғымын енгізу бойынша АӨК Заӊына өзгерістер енгізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны