21.05.2008, 14:41 2892

Үкімет әзірге тау-кен металлургиялық саланың өнімдері үшін экспорттық кедендік баж салығын енгізу жайлы шешім қабылдаған жоқ

Үкімет әзірге тау-кен металлургиялық саланың өнімдері үшін экспорттық кедендік баж салығын енгізу жайлы шешім қабылдаған жоқ

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет әзірге тау-кен металлургиялық саланың өнімдері үшін экспорттық кедендік баж салығын енгізу жоспарына бас тартқан жоқ, бірақ ол туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов журналистермен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Изірге ондай шешім жоқ, біз одан әлі де бас тартқан жоқпыз", - Б. Сұлтанов журналистер сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, "жалпы алғанда кедендік баж салығын енгізуді Салық кодексімен және пайдалы қазбалар өндіруге салық салудың тағдырымен кешенді байланыстыра қарау керек".

"Жұмыс тобы түбегейлі шешімге келуі үшін бір айдай уақыт керек",- министр. Оның айтуынша, әзірге қатты пайдалы қазбаларға кедендік баж салығы енгізілмей отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны