03.04.2007, 15:55 3156

Үкімет басшысы "Атыраубалық" АҚ-ын мемлекеттің сатып алу жұмыстарын аяқтауды үкіметке тапсырды

АСТАНА. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Атыраубалық" АҚ-ын мемлекеттің сатып алу жұмыстарын аяқтауды үкіметке тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ауылшауаршылығы министрлігіне қаржы министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп "Атыраубалық" АҚ-ын мемлекетке сатып алу мақсатында бағалау жұмыстарын аяқтау міндеттеледі",- деді К.Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында.

Отырыста сөз сөйлеген ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы Эдуард Өтеповтың хабарлауынша, "Атыраубалық" АҚ-ның акцияларын сатып алу үшін акционерлермен арада тиісті екі жақты келісімге қол қойылды. "Біз ол үшін кеңесшілерді жұмысқа тарттық. Олар қазір акциялар қоржынын бағалауда. Ал акционерлердің өздері оны бағалап қойған. Біздің кеңесшілер 26-сәуірде жұмысты аяқтайды. Біз осыдан кейін баға мен сатып алу шарттары бойынша келіссөздерге кірісеміз",- деді ол.

Э.Өтеповтың айтуынша, акциялардың қоржынын сенімді басқаруға беруде кейбір қиындықтар бар. "Балық шаруашылығы комитеті акционерлік қоғамның техникалық және қаржылық ахуалына кешенді талдау жүргізу қажет деген пікірде. Өйткені, онда екі жаққа бірдей белгілі түткілдер бар",- деді ол.

Э.Өтеповтың түсініктемесіне сәйкес, "түйткілдер қозғалған қылмыстық істерге және мүліктің банкке кепілге қойылуына байланысты". Қазір, оның хабарлауынша, "жұмыс тобы құрылып, жергілікті жерге аттанғалы жатыр, содан кейін түпкілікті шешім қабылданады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны