03.04.2007, 18:00 3151

Үкімет басшысы ауылшуашылығы министрлігіне бекіре тұқымдас балықтарды аулау, өңдеу мен сатуға мемлекеттік монополия енгізу тетіктерін дәйектеуді тапсырды

АСТАНА. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ауылшуашылығы министрлігіне бекіре тұқымдас балықтарды аулау, өңдеу мен сатуға мемлекеттік монополия енгізу тетіктерін дәйектеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Балық шаруашылығы саласын сауықтыру үшін ең алдымен ауылшуашылығы министрлігіне бекіре тұқымдас балықтарды аулау, өңдеу мен сатуға мемлекеттік монополия енгізу тетіктерін дәйектеуді тапсырамын",- деді К.Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында.

Сонымен бірге үкімет басшысы ауылшуашылығы министрлігіне облыс әкімдерімен және басқа да мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп "елдің ішкі нарығында бағалы балық түрлері мен олардан жасалған өнімдерді, соның ішінде уылдырықты, тәркіленген өнімдерді арнайы дүкендерде сату жұмыстарын реттеуді, осы қызмет түріне лицензия беруді ретке келтіруді" тапсырды.

Бұған қоса ауылшаруашылығы министрлігіне Атырау облыстық әкімшілігімен бірлесе отырып жылына 20 млн дана шабақ шығаратын жаңа бекіре тұқымдас балық зауытын салуға ұсыныс енгізу міндеттелді.

Сонымен бірге үкімет басшысы "ашық теңізде кез-келген заң бұзушыны қуу мен тұтқындауға қатысты құқықтық ақтаңдақтарды жою үшін" Қазақстанды БҰҰ-ның 1982-жылғы теңіздегі құқықтар жөніндегі конвенциясына біріктіру мәселесін дәйектеуге тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны