15.08.2006, 15:47 3054

Үкімет басшысы екінші деңгейлі банктер үшін сырттан несие алу "критерийлерін нақты айқындау қажет" деп пайымдайды

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Даниал Ахметов екінші деңгейлі банктер үшін сырттан несие алу "критерийлерін нақты айқындау қажет" деп пайымдайды. Бұл туралы ол бүгін үкіметтің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Шетелдерден несие алудың тиімді критерийлерін тұжырымдамалық тұрғыда анықтау қажет",- деп мәлімдеді Д.Ахметов. Банк саласы алған несиелер көлемінің жалпы еліміздің сыртқы берешегі аясында 48 процентті құрауынан "ешбір тауқыметті көріп тұрған жоқпын", деді үкімет басшысы.

"Тұтастай алғанда банк саласында ол 80 және 90 процентке жете алады. Бірақ дәл біздің экономикамызға, еліміздегі нақты ахуалға қатысты критерийлерді дәйекті айқындап алуға тиіспіз",- деді Д.Ахметов. "Біз не банк саласына нақты шегін көрсетіп, нақты жауап беруге, не болмаса, басқаша дабыл беруге тиіспіз",- деді үкімет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны