31.07.2008, 15:00 3012

Үкімет басшысы экономика министрлігіне мемлекеттік шекараны жабдықтау жөнінде ҰҚК сұраған барлық қаржыны бөлуді тапсырды

Үкімет басшысы экономика министрлігіне мемлекеттік шекараны жабдықтау жөнінде ҰҚК сұраған барлық қаржыны бөлуді тапсырды

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне мемлекеттік шекараны жабдықтау жөнінде ҰҚК сұраған барлық қаржыны бөлуді тапсырды. Ол мұндай тапсырманы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің кедендік комитетінде өткен кеңес барысында берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне ҰҚК сұраған қаржының "шекара қызметі" деген бөлігі бойынша алдағы үш жылға арналған бюджетте шекараны жабдықтауға сұралған қаржыны толық бөлуді тапсырамын. Мемлекет басшысы осындай міндет қойып отыр, біз оны орындауға тиіспіз",- деді Кәрім Мәсімов.

"Шекара тас құлыпта болуы тиіс" деген жауыр болған сөз болса да, шекараның құлпы расында да берік болуға тиіс, біз сіздерді ақшамен қамтамасыз етсек, сіздер шекаралық тәртіптің бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етуге тиіссіздер", - деді Кәрім Мәсімов ҰҚК Шекара қызметінің өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.

"Еліміздің оңтүстігіндегі шекарада өткізу бекетінен басқа жерде шекарадан өтіп кету мүмкіндігі толық жабылуға тиіс. Ол үшін шекара қызметі жауап береді. Өткізу бөлімдерінде кеден жауап береді. Бұл біздің ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны