29.01.2009, 11:57 1602

Үкімет басшысы Қаржы министрлігіне 2009 жылдың бірінші тоқсанында тек ағымдағы шығындарға ғана қаражат жұмсауды тапсырды

Үкімет басшысы Қаржы министрлігіне 2009 жылдың бірінші тоқсанында тек ағымдағы шығындарға ғана қаражат жұмсауды тапсырды

Алматы. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Қаржы министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мекемеге 2009 жылдың бірінші тоқсанында тек ағымдағы шығындарға ғана қаражат жұмсауды тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Макроэкономикалық тұрақтылық туралы сөз қозғаған премьердің айтуынша, "біз өз шығыстарымызды кірістерімізбен салыстыра қарауымыз қажет, ал экономиканың жалпы бәсеңдеуіне және экспорттық тауарлардан түсетін түсімдердің азаюына байланысты кіріс бөлігі біршама баяуламақ".

"Мемлекет басшысы 2009 жылы басымдық ретінде әлеуметтік төлемдерден бір тиынға да тиісуге болмайды, ал қалғанының бәрі біздің мүмкіндіктерімізге сай келуге тиіс деп тапсырма берді", - деді Кәрім Мәсімов.

"Осыған сәйкес мен қаңтар айында тек ағымдағы шығыстарға ғана ақша жұмсауды, сол арқылы өз мүмкіндіктерімізді өлшеуді тапсырамын. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, жалпы ағымдарды ескере отырып, біз кіріс және шығыс бөлігінде өз мүмкіндіктерімізді қайта қарау үшін парламентке келуіміз мүмкін", - деп мәлімдеді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны