30.04.2009, 11:31 3340

Үкімет басшысы Қазақстандағы индустриялық жобалардың жүзеге асырылу жағдайына қатаң сын айтты

Үкімет басшысы Қазақстандағы индустриялық жобалардың жүзеге асырылу жағдайына қатаң сын айтты

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында Қазақстандағы индустриялық жобалардың жүзеге асырылу жағдайына қатаң сын айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы жобаларды жүзеге асыру бағытында ештеңе істелген жоқ, құр әңгімеден аса алмай отырмыз. Индустрия министрлігінде де, Қорғаныс министрлігінде де, "Қазақстан инжиниринг" компаниясында да не істеуге болатындығы жайлы бос сөздер ғана бар, нақты нәтижені мен көре алмай отырмын", - деді Кәрім Мәсімов.

Өз кезегінде индустрия және сауда министрі Владимир Школьник отандық КамАЗ өндірушілердің мүмкіндігін жоғары деңгейде пайдалануды ұсынды. "Өзімізде өндірілген КамАЗдарды көптеп сатып алу керек, оны шығарушылар тек Қорғаныс министрлігі үшін ғана емес, сонымен бірге отандық өнеркәсіп үшін де қандай түрін де жасап шығаруға дайын. Бірақ, әрине, олар Қытайдың жүк көліктерімен салыстырғанда біршама қымбат екенін рас. Дегенмен, біз өз нарығымызды қорғау үшін баж салығы жөнінде шешім қабылдаймыз деп сенемін", - деді В. Школьник.

Бұған қоса ол Қазақстан аумағында патрон (оқ) өндірісін құру жобасын жүзеге асыру қажеттігін мәлімдеді. "Бұл мәселені 2006 жылдан бері шешуге талпынып келеміз, оқтарды өз елімізде өндіру үшін. Өз бетімен оқ та шығара алмайтын елдің қорғаныс қабілеті бар деп айта алмайтынымыз анық. Осындай желіні іске қосып, өнім шығару қажет", - деді ол.

Сонымен бірге В. Школьник өңірлерде кәсіпкерлік белсенділіктің төмендей түскенін атап өтті. Оның мәлімдеуінше, қазір "облыстарда инновациялық идеяларды анықтау мәселесінің өзектілігі артты. Оларды қолдау қажет, оған қажет ақша да ауқымды емес".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны