19.05.2009, 11:23 1255

Үкімет басшысы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын екі айда жасауды тапсырды

Үкімет басшысы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын екі айда жасауды тапсырды

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ел экономикасын жаңғырту жөніндегі комиссияға Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын екі айда жасауды тапсырды. Ол бүгін өткен үкіметтің отырысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мемлекет басшысы нақты мақсаттар қойды, ол айқын көрсетілген, сол себепті бұл жерде бөгелетін ештеңе жоқ. Барлық жұмыстарды атқаратын басты орган - ел экономикасын жаңғырту жөніндегі комиссия болмақ. Ол апта сайын жұмыс істеу режиміне көшіріледі. Бұл жұмысты өзім қадағалайтын боламын", - деді Кәрім Мәсімов.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын екі айда жасап шығаруға, жарты жылда бір рет біз оған есеп беруге тиіспіз", - деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны