10.04.2007, 14:01 3013

Үкімет басшысы қор нарығын дамыту бағдарламасының жобасын екі аптада толықтыруды тапсырды

АСТАНА. 10-сәуір. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қор нарығын дамыту бағдарламасының жобасын екі аптада толықтыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бағдарламаны жетілдіре пысықтауға екі апта беріледі. Осы орайда қажетті бюджет шығындары мен заңнамаға енгізілетін өзгерістерді қарастыру қажет",- деді үкімет басшысы бүгін өткен үкіметтің жиынында.

2006-жылғы желтоқсанның аяғындағы жағдаймен Қазақстанда акциялары шығарылған 2160 акционерлік қоғам бар, олардың акцияларының жалпы номиналдық құны 876,6 млрд. теңгені құрайды. Бағалы қағаздар нарығының институттық инфрақұрылымына қор биржасы, орталық депозитарий, 65 брокер-дилер, 17 тіркеуші (регистратор), 10 кастодиан-банк, зейнетақы активтерін инвестициялық басқарумен шұғылданатын 12 ұйым, 35 инвестициялық қоржынды басқарушы, 2 трансфер-агент енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны