24.08.2006, 13:47 3015

Үкімет басшысы министрліктерге шығындарды ел экономикасының өсіміне қарай жоспарлауға тапсырма берді

АСТАНА. 24-тамыз. Kazakhstan Today. "2008-жылдан бастап ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру саласы бойынша мемлекеттік шығындардың өсімі жалпы экономиканың өсіміне парапар болуға тиіс",- деп мәлімдеді бүгін үкіметтің отырысында еліміздің премьер-министрі Даниал Ахметов.

Үкімет басшысының айтуынша, "мемлекеттік бюжеттің шығындары тұжырымдамалық тұрғыда Жалпы ішкі өнімнің өсіміне парапар болуға тиіс".

2006-жылдың 6 айында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 9,3 процентті құрады, деді үкімет басшысы. "Соған қарамастан, біз мелекеттің ағымдағы шығындарының өсімін бірқатар бағдарламаларға 29 проценттен астам көлемде жоспарлап отырмыз. Бұл бірқатар министрліктер мен мекемелердің ағымдағы шығындарын көтеріп жібергенін көрсетеді",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны