15.12.2008, 10:33 1734

Үкімет басшысы "Солтүстік Қазақстан- Ақтөбе облысы" өңіраралық электр желісінің іске қосылу рәсіміне қатысты

Үкімет басшысы "Солтүстік Қазақстан- Ақтөбе облысы" өңіраралық электр желісінің іске қосылу рәсіміне қатысты

Астана. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында премьер-министр Кәрім Мәсімов "Солтүстік Қазақстан- Ақтөбе облысы" өңіраралық электр желісінің жобасының қуаты 500 кВт құрайтын "Өлке" кіші станциясын іске қосты, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбенің энергетикалық желісі республиканың жалпы электр жүйесімен тікелей байланыста болған жоқ. Сондықтан аймақтағы жетіспеген электр қуаты Ресейден импорттау арқылы жабылып келді.

Ал "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр желісінің іске қосылуы Ресейдің электр қуатының орнына Ақсу және Екібастұз ГРЭС-нің электр энергияларын алуға мүмкіндік береді. Мұның өзі өңірдің электр қуатына деген сұранысын 2015 жылға дейін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Өңіраралық электр желісі құрылысының жобасы инфрақұрылымдық облигациялар шығару есебінен мемлекет пен жеке сектордың әріптестік механизмін пайдалану арқылы жүзеге асырылды.

Аталмыш өңіраралық электр желісінің ұзындығы 487 шақырым. Құрылысы 2006 жылы басталып, биылғы жылдың желтоқсанында аяқталған жобаның жалпы құны 160 млн. доллардан асады. Аталмыш желінің құрылысын "Батыс Транзит" АҚ концессионер - компаниясы салды және алдағы уақытта оны одан әрі пайдалану жұмыстарын жүзеге асырады. Жаңа желінің іске қосылуы арқылы қосымша 250 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны