31.03.2009, 16:45 6678

Үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны іс жүзінде орындамай отыр - Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы

Үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны іс жүзінде орындамай отыр - Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы

Алматы. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны іс жүзінде орындамай отыр. Бұл туралы Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны іс жүзінде орындамай отыр деп санаймыз. Бизнеске қатысты ахуал күн өткен сайын нашарлай түсуде. Монополияға қарсы күрес комитеті жергілікті әкімдермен бірге әрекетсіздік таныту арқылы Қазақстанда шағын және орта бизнеске жан төзгісіз жағдай тудыруда. Монополияға қарсы күрес комитеті іс жүзінде монополистердің мүддесін қорғайтындай сезім туындайды. Ал олар, өз кезегінде, бақылаусыздықты пайдаланып, "бетімен кетті" және "біржақты ойын тәртіптерін енгізе бастады"", - делінген қауымдастық таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны