10.10.2007, 13:45 2770

Үкімет ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін көтеруге дайын

Үкімет ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін көтеруге дайын.

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасында ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін 10,5 мың теңгеге дейін көтеруге дайын.

"Біз бюджет жобасында базалық әлеуметтік төлемдердің көлемі тікелей байланысты болып табылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін арттыруға мүмкіндік бар деп санаймыз", -деп мәлімдеді бүгін "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының отырысы барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

"Бұл көрсеткішті біз 10 515 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отырмыз , жалпы алғанда ол үшін 8,7 млрд теңге қажет", - деді Б. Сұлтанов. Осы орайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру "тиісінше базалық зейнетақы төлемдерін де өзгертуді талап ететінін " атап өтті.

Бастапқыда 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасында ең төменгі күнкөріс деңгейі 8 861 теңге көлемінде межеленген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны